Сулейменова Жеңіс Молдағалиқызы, «No 202 метеп-гимназия» КММ педагог-зерттеуші, бастауыш сынып мұғалімі. Алматы қаласы, Әуезов ауданы 1 ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА mmmmmmmmmmmmmmmmmmmm М А З М Ұ Н Ы Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал Республиканский научно-методический педагогический журнал МҰҒАЛІМДЕРГЕ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРҒА ӘДІСТЕМЕ ЖӘНЕ ТЕОРИЯ (1-4 сыныптар) УЧИТЕЛЯМ И ШКОЛЬНИКАМ МЕТОДИКА И ТЕОРИЯ (1-4 классы) ҚҰРЫЛТАЙШЫ ЖК «САҒА» ------------------------------------------------------- ЖУРНАЛ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗ БАСЫЛЫМДАРЫН ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚПАРАТ АГЕНТТІКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ ТУРАЛЫ No 14264-Ж куәлігі 02.04.2014 жылы Астана қаласында берілген. Журнал екі айда бір рет, 2014 жылдың сәуір айынан бастап қазақ және орыс тілінде шығады No 6 (65) 2024 ж. АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ: БЕСБАЕВА Назым Есимханқызы – «No 87 жалпы білім беретін мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Алматы қаласы, Жетісу ауданы Журналға жарияланған материалдар редакцияның пікірін білдірмейді. Фактілер мен мәліметтердің дұрыстығына авторлар жа - уапты. Опубликованные материалы не отражают точку зрения редакции. Ответственность за достоверность фактов сведений в публикациях несут авторы. Редакцияның мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы Зенков көшесі, 13 «Форум» бизнес орталығы. Кеңсе 100/1 (қиылысы Жібек жолы көшесі, 50) WhatsApp 8 707 88 500 88 E-mail: Saga140214@mail.ru Басуға 30.12.2024 жылы қол қойылды. Пішімі 84х108 1 / 16 . Баспаханалық қағаз. Шартты баспа табағы 1,75. Таралымы 100 дана. Алматы қаласы No 6 (65) 2024 ҚАРАША – НОЯБРЬ ЖЕЛТОҚСАН – ДЕКАБРЬ Бас редактор: Сейлханов А. Техникалық редактор: Туребаева Г. А. Корректор: Жиеншарова А. Ж. Әдістемелік нұсқаулық Динжанова Т.М. Логикалық есептер арқылы математикалық сауаттылықты дамыту.........................................2 Искакова Г.Г. Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.......................4 Нигматуллаева Д.С. Оқушы білімін арттыруда – кері байланыс жасаудың маңызы..................................................5 Таженбаева Г.Е. Оқушылардың білім алу дағдысын, іскерлігін қалыптастырудағы тиімді сабақтың маңызы.............7 Токанова С.С. Бастауыш сынып оқушыларының пәнге қызығушылығын арттырудағы ойын технологиясының рөлі...9 Математика Тлегенова Р.К. Шамалар арасындағы тәуелділік.....................11 Қазақ тілі Әбдікәрім Ж.И. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Абай шығармалары – ұрпаққа мәңгі мұра..................................15 Сулейменова Ж.М. Зат есім.......................................................18 Сәріпова Р.Қ. 2 сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен функционалдық сауаттылығын арттыру......................20 Эссе Волженина Е.А. Учитель – профессия сердца: мой осознанный выбор и путь к вдохновению..........................23 Методическая копилка Салимова А.Г. Дидактическая игра как средство развития творческой активности познавательной деятельности младших школьников...................................................................25 Русский язык Салимова А.Г. Приходите в гости!............................................26 mmmmmmmmmmmmmmmmmmmm ӘДІСТЕМЕ ЖӘНЕ ТЕОРИЯ 2 Әдістемелік нұсқаулық Еліміздің дамыған елдер қатарында болу бағытындағы жүзеге асырылып жатқан реформалардың бірі – сапалы білім беру мәселесі болып табылады. Жылдан жылға білім беру үдерісіне қойылатын талаптар да күшейе түсуде. Осы талаптардың бірі жастардың математикалық біліктілігін көтерумен байла - нысты. Математика пәні арқылы оқушылардың логикасы қалыптасып, дамиды. Қоғам үшін де математиканың рөлі ерек - ше, себебі әр түрлі бағыттағы математикалық әдістерді қолданбаса ғылыми-прогресстің бо - луы мүмкін емес. Бұл жерде математикалық дайын ақпараттарды қолдану ғана емес, ғылым мен техниканың дамуына ықпал ететін жаңа туындыларға жол ашу, мүмкіндік жасау. Сондықтан да, оқушыларды жан-жақты дамытуға, логикалық ойлау қасиеттерін қалыптастыруға және жетілдіруге бағытталған сапалы математикалық білім беру қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі. Оқушылардың логикалық ойлау қасиеттерін қалыптастырып, дамыту орта білім беру үдерісінің маңызды бір бөлімі болып табылады. Қазіргі жаһандану заманындағы мектептердің негізгі міндеттеріне жастардың өзіндік жұмыс жасай білу және шығармашылық қасиеттерін дамыту жұмыстары жатады. Жастардың өзіндік ерекшеліктерін жетілдіру оның логикалық ойлау қасиетімен тығыз байланысты. Ал баланың логикасының жетілуіне бірден бір себепші пәндердің бірі – математика екендігі барлығымызға әйгілі. Себебі математика барлық ғылымдардың логикалық негізі. Математика пәні арқылы оқушылардың ой - лау мәдениеті қалыптасып, дамиды. Ал ойлау мәдениеті дамыған адам кез келген ақпаратты дұрыс қабылдайды және шығармашылығы, өздігімен жұмыс жасау белсенділігі арта түседі. Осыған орай Б. Н. Қадырова: «Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау – өте күрделі үрдіс. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі ойы, жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде пайда болады. Баланы жас кезінен оның шығармашылық қасиеттерін дамытуға, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге жағдай жасалуы тиіс. Сондықтан, оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланыста бо - луы, мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетті қалыптастыруға болады», – деген пікір айтты. Балалардың логикалық ойлау қабілеті 11–12 жаста қалыптасып, 14 жасында толық жетіледі. Сол себепті баланың логикалық ойлау қабілетін бастауыш сыныптан жетілдіру мақсатында математика сабақтарында логикалық есептер шығару әдісін қолданған дұрыс. Педагог-ғалымдардың айтуынша логикалық тәсілдер білім беру мазмұнының бір бөлімі болып табылатындығын атап өткен. Сондай- ақ, өз зерттеулерінде мектептегі пәндерден берілген тапсырмаларды орындау барысын - ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР АРҚЫЛЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ДИНЖАНОВА ТОЛГАНАЙ МУХИДЕНОВНА, «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» РММ бастауыш сынып мұғалімі 3 ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА mmmmmmmmmmmmmmmmmmmm да оқушылардың логикалық ойлау қабілеті дамитындығы туралы пікірді ұстанған. Ал, В.С.Нургалиев сияқты ғалымның пікірінше оқу пәндері арқылы оқушының логикалық ой- лау қабілетін жетілдіру жеткіліксіз және бұл мәселені кеңірек қарау қажеттігін атайды. Балалардың логикалық ойлау қабілет- тіліктерін қалыптастырудың әсерлі құралдары болып дидактикалық ойындар, зияткерлікке бағытталған жаттығулар, логикалық тапсырма- лар, тесттер, қызығушылық тудыратын есептер жатады. Осындай тапсырмалар негізінде мектептегі білім беру мазмұнынан тыс берілетін қосымша ақпараттар арқылы балалар ойланады, сұрақтарға жауап береді, тыңдайды, санай- ды, талдайды, салыстырады, топтастырады, қызықты фактілермен танысады. Осы әрекеттер арқылы балалар жан-жақты дамып, логикалық ойлау қабілеті қалыптасады. Сонымен, математика пәнінде балалардың логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру арқылы олардың интеллектері, шығармашылық қабілеттері, оқу үлгерімі дами түседі. Оқушы- ның логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру мақсатында математика сабақтарында логикалық есептерді жиі қолданған дұрыс. Логикалық есептің шешімін табу үшін белгілі бір арнайы білімнің қажеті жоқ, мұндай есептер керісінше логикалық ойлау арқылы шешіледі. Олар математикалық немесе стан- дартты емес болып келеді. Қарапайым математикалық есептерді логикалық есептер қатарына жатқызуға бо- лады. Логикалық есептердің келесідей түрлері кездеседі. Турнирлік тапсырмалар – турнирлардың қорытындысын анықтауға бағытталған логикалық есеп (мысал есептер): – сандық ребус; – әр-түрлі элементтер арасындағы сәйкестікті анықтау; – графиктерді пайдалану; кестелер арқылы шығарылатын есептер және т.б. Осындай түрлі логикалық есептерді қолдану арқылы оқушылардың зиятын, шығармашылығын, жан-жақты дамытып, ой- лау қабілетін жетілдіруге әбен болады. Осыдан келе балалардың логикалық ойлау қабілеттіліктерін қалыптастыру мақсатында келесідей педагогикалық шарттар туындайды: – балаларды ойландыратын тапсырмалар беру. Бұл әдісті математика пәнінде ғана емес, сондай-ақ барлық пәндерде қолдану; – сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта тапсырманың шешуін табу мақсатында үнемі мұғаліммен, құрбыларымен қарым- қатынаста болу. Осы әдіс арқылы бала өз пікірін айтуды, құрбыларының, мұғалімнің пікірін тыңдау арқылы, оларды салысытырып, шешім қабылдауды үйрену; – сабақ барысында қамтылған түсініктерді салыстыру, олардың жалпы және жеке ерекшеліктерін айыра білу, елеулі және елеусіз белгілерді ажырату, елеусіз ақпараттарды қабылдамау, ақпаратты талдау, салыстыру және ол туралы қорытынды жасау. Қорытындылай келе, оқушының логикалық ойын толыққанды қалыптастырып дамыту, мектептегі қамтылатын пәндердің, әсіресе ма- тематика пәнінің кешенді, әрі жүйелі өтуімен байланысты. Логикалық ойы дамыған тұлға, еліміздің жарқын болашағы. Себебі, логикасы мықты адам жан-жақты дамыған, білімді, әрі білікті болып келетінінде күмән жоқ. mmmmmmmmmmmmmmmmmmmm ӘДІСТЕМЕ ЖӘНЕ ТЕОРИЯ 4 Бастауыш білім – білім беру жолындағы алғашқы қадам, білімнің бастамасы болып са - налады. Осыған орай, оқушылардың берілген бағдарлама бойынша білім алудағы білім, білік, дағдыларын меңгерумен қатар, олардың шығармашылық бағытта жан-жақты дамуы бүгінгі күннің талабы болып табылады. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдіс-тәсілдерін және жаңа технологиялардың көмегімен білім беру, оны тиімді пайдалана алудың маңызы зор. Шығармашылық әрекет – оқушының өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әркекет. Мұндай әрекет оқушының жеке білім траекториясын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет оқушыны өзіне тартып баули түседі. Бұл аталған шығармашылық әрекет сипаттамаларына басқа қосымшалар да болуы мүмкін. Шығармашылық үрдістің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі сапалық қасиеттер қалыптасады. Мысалы, алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қарама-қайшылықтарға де - ген ілтипат, келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік орын алады. Егер де белгісіздік кезеңінде табандылық, танымдық ой-қиялды қалыптастырса, еңбектің нәтижесі бала - ны жоғары көңіл күйге бөлеп, жаңа істерге қанаттандырады. Оқушының эмоцияналдық қызығушылғы іс-әрекет барысында көрінеді. Баланың шығармашылық қабілеттерін да - мыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. «Қабілеттер – адамның іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері» деген де анықтама бар. Мүмкіндік білім де, дағды да емес. Ол адамның белгілі бір істі даярлауға орындауға даярлығы. Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «іздену», «ойлап табу», жетістікке қол жеткізу деген сөз. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыдан баланы жаңа психикалық сапаға көтереді. Бастауыш сынып оқушыларының қабілет- тері 2 түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала адамзат баласының осы кез - ге дейінгі жинақтаған тәжрибесін меңгертуге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды. Екіншіден, кез келген оқушы шығар- машылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін-өзі қалыптасуна, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Бүгінгі бастауыш сынып оқушылары кез келген шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Ол үшін мына төмендегі шарттар орындалуы тиіс. Бірінші – баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу. Мысалы, біз тіл үйрету үшін баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз немесе му - зыканттар отбасында үнемі музыка естіп өскен баланың сол өнерге қабілеті өте ерте ашыла - БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ИСКАКОВА ГУЛЬЖАН ГАБИДЕНОВНА, «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі. Қарағанды қаласы 5 ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА mmmmmmmmmmmmmmmmmmmm ды. Осыны басқа қабілеттер дамытуға неге пайдаланбасқа. Екіншіден – баланың жүйесі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер жағдайында болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым-қатынастар шығармашылық қабілеттерді дамытуға тиімді әсер етеді. Үшінші – шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкідігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Күн асқан сайын ол деңгей ең жоғарғы деңгейге жетуі керек. Осын - дай тынымсыз ой қызметі ғана баланың дамуы - на мүмкіндік береді. Төртінші, негізгі шарт – бала әрекеттің әр түрімен айналысуға, тыңдауына деген еркіндігінің болуы. Мұндай қызығушылық, қажеттілік табысқа жетудің бірден-бір кепілі болып табылады. Осы шарттардың орындалуы нәтижесінде, барлық оқушылармен жұмыс жасау деңгейі артуымен қатар, олардың жан-жақты дамуына ықпал етеміз деген сенімдемін. «Тәрбие кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз» деп ұлттың ұлы ұстазы Мағжан Жұмабаев айтқандай өзгермелі қоғамда жаңа бағытта келе жатқан білім саласы қандай тәсіл болма - сын тиімді қолданып, жас ұрпаққа сапалы білім беруді көздейді. Біздің бүгінгі оқу үдерісіне қолданып жүрген тиімді әдіс-тәсілдеріміздің бәрі оқытып қана қоймай олары тәрбиелеуге жетелейді. Сондықтан мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, еркін өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін ын - талы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған тұлға болып қалыптасу дағдыларын меңгертудің тәсілдерімен белсенді жұмыс істеуде. «Рефлексия» сөзі латын тіліндегі «reflexio» – «артқа қарау» деген ұғымынан ту - ындайды. Джон Дьюи рефлексиялық ойлауды былай сипаттайды: «Қандай да болмасын бір пікірді не білімнің ықтимал көрінісін олардың негіздерін ескере отырып белсенді түрде, то - лассыз және мұқият қарастыру, осының сал - дарынан туындаған қорытындаларды тал - дау». Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді: адам мұнда өзінің ішкі дүниесін жан-жақты қарастырады, яғни өзін-өзі зерттейді. Бұл зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі әңгімелеседі, сырласа - ды, әрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне «сырт көзбен» қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді, кемшіліктерін түзейді, оларды болдырмаудың жолда - рын қарастырады, болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды. Жалпылама алғанда, рефлексияның қадамдары мынандай болуы ықтимал: 1) Аялдама жасау (тоқтау); 2) Артқа қарау: түсіну, талдау, бағалау; 3) Өзгерістер енгізу; 4) Болашақты жоспарлау. Рефлексияның оқу процесінде алатын орны ерекше. Өйткені үйрену деңгейі адамның өз әрекеттерін ұйымдастыру мен өзгертулерді қалайша ойластыра білетіндігіне байланысты. Басқаша сөздермен айтқанда, рефлексия – адам миындағы метанымдық (метакогнитивтік, «танымды тану») процестермен байла - нысты. Рефлексияда адам өзінің ойлау, зер - делеу процестерінің қалай өтетіндігі туралы ойланады, танымдық әрекеттерін түсінеді ОҚУШЫ БІЛІМІН АРТТЫРУДА – КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗЫ НИГМАТУЛЛАЕВА ДИНАРА САМИГУЛЛАЕВНА, «No 184 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі. Алматы қаласы mmmmmmmmmmmmmmmmmmmm ӘДІСТЕМЕ ЖӘНЕ ТЕОРИЯ 6 және түсіндіреді, оларға мақсат қояды, жос- парлайды, шешім қабылдайды, әрі қарай не болатындығын болжайды. Бұл әрекеттер арқылы адам өз білгенін сынайды, білімін сыни тұрғыдан талдайды. Рефлексия адамның өз білімі мен әрекеттерін талдау, сол тура - лы өзіне есеп беру болғандықтан мұнда басқа адамдардың пікірлері мен бағалауының алатын орны ерекше, өйткені өзіне сырт көзбен қараған адам басқа адамдардың өзі туралы пікірлері арқасында рефлексиясын тереңдете түседі. Өзі туралы сырт пікірлерді адам қарым-қатынаста біледі. Осындай қарым-қатынаста өзі туралы пікірді есту мен білуді кері байланыс деп атай - ды. Сырт пікірлер адамға өзінің қайда және қандай екендігін білуге көмектесіп, болашақ әрекеттеріне түзету енгізіп, оларды жоспарлау мүмкіндігін береді. Сол себепті кері байланыс – келесі әрекеттерді ынталандыруға бағытталған рефлексияның ақпараттық негізі [1]. Адамның бір ерекше қасиеті бар: біз өзіміз туралы өзгелердің пікірін естігіміз келіп тұрады. Сондықтан да кез келген әрекеттен кейін басқалардан «Қалай болды? Мен сырт көзге қалай болып көріндім? Қалай сөйледім (жасадым, отырдым, тұрдым, жаздым, т.б. әрекеттерді келтіруге болады)?» деп өзіміз ту - ралы пікірін сұраймыз. Сол әрекетті бақылаған адам өз пікірін айтады, бағасын береді. Оның пікірі өзіміздің оймен сәйкес келуі немесе келмеуі де мүмкін. Алайда сырт пікір бізге білім мен әрекеттерімізді түзету, өзгерту, жақсарту мүмкіндігін береді. Олардың мұндай пікірі біз үшін кері байланыс болады. Осы - лайша өзгелердің өзіміз туралы пікірлері бізге өзімізді тануға, ішкі «Мен»-нің қалыптасуына көмектеседі. Кері байланыс (ағылш. feedback) – адамның өзі куә болған оқиғаға неме - се басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. «Сырт көз сыншы» дегендей, мұндай сырт пікірдің өз әрекеттеріңді рет - теуге, жақсартуға тигізетін септігі өте жоғары. Сол себепті бүгінде кері байланыс үйренудің (білім алу жүйесінің) маңызды ұғымы деп есептелінеді. Кері байланыс арқылы алына - тын мәліметтер әсіресе өз біліміне түзету мен өзгертулер енгізу ісінде өте құнды болып та - былады. Сондықтан да кемшіліктерді тіке бет - ке баспай, оларды жанамалай жеткізген жөн болар? Мысалы, мынандай сұрақтар арқылы: «Неліктен Сіз бұлай жасадыңыз (айттыңыз, жаздыңыз, ұйғардыңыз, т.б.)? Мүмкін олай емес, былай болар?» немесе «Егер мына жер - ге мынандай өзгертулер енгізсе, не болар еді?». [2] Кері байланыс – іс-әрекет барысындағы үдеріс. Іс-әрекетті жасаған адамға беріледі, одан арғы іс-әрекетіне ықпал етеді. Ең негізгісі – оқушының сабақ мақсатына қол жеткізуіне ықпал етеді. Сабақта тиімді кері байла - нысты ұйымдастыру үшін мұғалім оқушыға кері байланыстың не екенін түсіндіріп, тех - никаларын дұрыс қолдана алуын меңгерткен дұрыс. [3] Кері байланыстың тиімділігі: – мұғалім оқушының оқу жетістіктерін шы - найы бағалауға қол жеткізеді; – оқушыға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсініп, бағалауға мүмкіндік туады; – ата-аналар білім алушылардың оқу жетістіктері туралы сындарлы ақпарат ала - ды. Тиімді кері байланыс мұғалім үшін оқыту үдерісінің қалай жүзеге асырылып жатқаны, әр оқушының оқу жетістігінің нәтижесі, оқытудағы кедергілер туралы максималды ақпарат көзі болады. Кері байланыс позитивті болуы керек, алайда бұл оқушы орындаған жұмысының кемшіліктері туралы білмеуі керек дегенді білдірмейді. Шынайы табысқа қол жеткізу үшін оқушылар «өзінің білім алуының негізгі мақсатын түсінуімен қатар, табысқа жету үшін нені істеу керектігінің» өзіндік бағалауын меңгеруі қажет. Сонда ғана мұғалім оқушылармен сапалы кері байла - нысты қамтамасыз етеді, оқушының нені, қалай түсінетіндігін не түсінбегендігі тура - лы ақпарат алады, өзінің одан арғы әрекетіне әдіс-тәсілдерді өзгертеді, таңдайды, солай оқушының өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы - на ықпал етеді. ([2]) Кері байланыс өзара сенімді әрі ынтымақтастық атмосферасында, білім алушылардың өздерінің ойлануы мен одан арғы әрекетінің бағытын өзгерту, қателерін 7 ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА mmmmmmmmmmmmmmmmmmmm түзеу туралы шынайы жауап беруімен жүзеге асырылады. Оқушы қателесу туралы өз қорқынышын жеңеді, сыныптастар арасын - да бір-біріне және оқушының мұғалімге деген сенімі артады, оқу жетістіктерінің ілгерлеуіне жауапкершіліктері артады, қалай оқу керектігін іске асыра бастайды. Сабақтың өн бойында қолданылатын кері байланыс түрлері төртеу ([3].) 1. Ауызша талқылау арқылы жасалатын кері байланыс. 2. Жазбаша сауалнамалар арқылы жасала - тын кері байланыс. 3. Графикалық бейне арқылы кері байланыс. 4. Дене қимыл іс-әрекеттер көмегі арқылы жасалатын кері байланыс. Мұғалім оқушының жұмысына кері бай- ланыс бергенде мына қағидаларды негізге алғаны дұрыс: – бір жұмысқа бірнеше ұсыныс беруге бол - майды; – оқушының жіберген қатесін мұғалім түзетіп бермей, керісінше өзі түзетуіне итерме - леу керек; – ұсыныстар бағалау критерийлеріне сай берілуі керек; – оқушыны сынауға, келесі оқушымен салы - стырудан аулақ болғаны жөн. Қорытындылай келе, дұрыс әрі жүйелі жүргізілген кері байланыстың нәтижесінде кіші жастағы бастауыш сынып оқушысының өзіндік пікірін білуге болатынын және мұғалім де өзінің әдіс-тәсілдеріне сыни көзбен қарай ба - стауына әкеледі. ӘДЕБИЕТ 1. «Bilim berýdegi innovasialar: izdenis jәne sheshimder» VI halyqaralyq ǵylymı-praktıkalyq konferensıasynyń materıaldar jinaǵy, 2019 жыл 2. Мұғалімге арналған нұсқаулық үшінші (базалық) деңгей 2012 жыл – 156 бет. 3. Оценивание учебных достижений учащихся. Мето - дическое руководство 2012 г – 96 с. Бастауыш сыныпта оқытудың психо- логиялық негізгі мақсатқа сай оқыту мәнін, мазмұнын нақтылауда оқушы психологиясын білу, оқу, қабылдау, игеру, ой елегінен өткізу, бекіту, қолдану, қорытындылауды байла - ныстыру – негізгі мәселе. Бастауыш сыныпта оқытудың педагогика- лық негізі стандарт, типтік бағдарлама, тақырыптың күнтізбе жоспары бойынша оқу материалдарын игеру амалдарын жасау, оқыту әдістемелерін, технологияларын түрлендіру арқылы оқу үлгерімін жетілдіру жолда - рын қарастыру қажет. Мақсат оқу үлгерімін жетілдіру үшін: – білім негіздерін қабылдау сапасын жақсарту; – икемділік, іскерлік, дағдысын арттыру; – түсіну, ұғыну және ой елегінен өткізу; – оқу материалдарын бекіту; – зерделенген, игерген оқу материалдарын іс-тәжірибеде пайдалану; – диагноздау нәтижелеріне сай оқу, оқу және амалдарын түрлендіру, жетілдіру. Оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру басты мақсат, оны жүзеге асыру үшін әрбір кезеңнің міндеттерін сапалы орын - дау, іс-әрекеттерін талдау, бастауыш сынып оқушыларының танымдық процесін басқару күрделі қиын еңбектер ғана үздіксіз оқу нәтижесін береді. Сабақ – шығармашылық сипаттағы үдеріс. Сабақ – білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру- ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ АЛУ ДАҒДЫСЫН, ІСКЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТИІМДІ САБАҚТЫҢ МАҢЫЗЫ ТАЖЕНБАЕВА ГҮЛДАНА ЕКИБАЕВНА, «Ж. Жапаров атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ бастауыш сынып мұғалімі. Кербұлақ ауданы, Жетісу облысы mmmmmmmmmmmmmmmmmmmm ӘДІСТЕМЕ ЖӘНЕ ТЕОРИЯ 8 дың негізгі жолы. Сабақ құрылымы қандай болса да шәкіртке білім мен дағды беруді көздейді. Мұғалім – сабақтағы басты тұлға, өйткені ол оқушыларға жүйелі түрде білім алу дағдысын, іскерлігін қалыптастырады. Ол үшін түрлі оқыту әдістерін алмастыра пайдаланып, оқушылардың танымдық әрекетіне мақсат көздеу басшылық етеді. «Диалогке түсу» әдісі Оқушыларды мұғаліммен және бір-бірімен диалог жүргізуге ынталандыруды көздейді. Ал диалог аясын кеңейту үшін оқушылар ойлана алатындай белсенді тапсырмалар берілу керек. Оқушылар жаңа ұғым туралы сын тұрғысынан ойлана отырып, оның мәнін, мағынасын ұғынып, оны бұған дейінгі білімімен бай - ланыстыра алады. Оқушылaрдың тaқырып бoйыншa өз oйлaрын бiлдiруiнe мүмкiндiк бeреді: – бaсқa aдaмдaрдa түрлi идeялaрдың бoлaтындығын oқушылaрдың түсiнулeрiнe көмeктeсeдi; – оқушылaрдың өз идeялaрын дәлeлдeуiнe көмeктeсeдi; – мұғaлiмдeргe бiлiм бeру бaрысындa oлaрдың oқушылaры қaндaй дeңгeйдe eкeндiгiн түсiнугe көмeктeсeдi. Ақпараттық-коммуникациялық техноло- гия Жаңа сабақты түсіндіру кезінде, оқушыларға слайд көрсету арқылы тақырыптың мәнін аша отырып, кез келген тақырыптың мазмұнына сай құрылысы, шығу тегі т.б. мәліметтермен толықтырып содан соң оқушыларға компьютер арқылы немесе бейнероликтер көрсету арқылы оқушыларға есте қалатындай әсер қалдыруы сөзсіз. Қазіргі кезде білім беру саласында оқытуда ақпараттық технологияларсыз елесте - ту мүмкін емес. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселердің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үдерісінде ақпараттық-технологияларды пайдалану болып табылады. Ақпараттық- коммуникациялық технологияны келешек ұрпақ жан-жақты білім алуына, іскер әрі та - лантты, шығармашылығы мол, дамуына жол ашатын педагогикалық үдеріс. Бастауыш сыныпта оқушылардың үлгерімін жетілдірудің жолдары көбіне оқушылар білімінің дамуын олардың хабардар болуы - на қарай, әр түрлі салалардан, ең алдымен фильмдерді, телевизиялық хабарларды көру, радионы тыңдау, сондай-ақ ересектердің әңгімелерінен алынған көптеген еміс-еміс мағлұматтардың, фактілердің жинақталуына қарай бағалайды. Кейде төменгі сынып оқушыларының лексикасындағы ғылыми терминологияның мол қоры дамуы жоғары дәрежесі ретінде қабылданады. Оқушылар шын мәнінде ғылыми қиын терминдерді асқан шеберлікпен сан құбылта білгенмен, әлде бір себептермен көбінесе олардың мәнін түсіне алмайды. Мұнда «дамыған» оқушылар, экспериментшілер жасаған атарлы «пәндік әрекеттерді ойдағыдай орындай отырып, бұрын таныс емес жағдайдағы ержені игеруге арналған практикалық тап - сырма берілсе қиналып қалады, жазу кезінде грамматикалық талдаудан қателер жібереді. Осындай қате түсініктің практикада дамуы оқушылардың білімді үстірт игеруіне әкеліп соғады. Интеллектуалды даму өзара байланысты және өзара шарттастық білім іскерлік пен дағдыны меңгеруді көздейді, білімге сүйене отырып, түсіндіре білуді талап етеді. Бастауыш сыныпта оқушылардың үлгерімін жетілдірудің жолдары оқу жұмысының барлық түрлеріндегі белсенділік пен дербестік оқушылар білімінің дұрыс дамуындағы маңызды көрсеткіш. Төменгі сыныптардың бұл жұмысын оларға маңызды логикалық опера - цияларды меңгермейінше орындаудың мүмкін еместігі өз-өзінен түсінікті. «Балаларды дамыту – деп жазды Л.В.Занков, – бұл олардың туа пайда болған қабілеттерінің артуы ғана емес, сонымен бірге көп ретте мұғалімнің түлектерін дамытудағы мақсатқа орай және жүйелі түрде жүргізген жұмысының нәтижесі. Балаларды дамытуда интенсивті алға бастыруға бүкіл оқу-тәрбие 9 ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА mmmmmmmmmmmmmmmmmmmm жұмысының барысында: біліммен қарулану да, дағдыларды меңгеруге де білімге құштарлықты қалыптастыруда қол жеткізеді». Демек, төменгі сынып оқушыларын ин - теллектуалды дамуы тиісінше оқу процесінің мазмұны мен қойылу жағдайын жүзеге асыру қамтамасыз етіледі. ӘДЕБИЕТ 1. Выготский Л. Психология. – Мәскеу: Пресс Эксмо- Пресс. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы, 1958. 2. Құдайбергенова Г.С. Оқушы құзыреттілігін дамы - ту жолдары. Алматы, 2011. Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен байланысты. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған үдеріс. Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты шарты. М. И. Лиси - на өзінің қарым-қатынас пен іс-әрекет туралы зерттеуінде қарым-қатынас іс-әрекеттің ерекше түрі екенін көрсеткен. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында тақырыпқа сай әртүрлі жағдайда көрнекіліктерді пайдаланып, сабақты ойын түрінде ұйымдастыруға болады. Ойын әрекеті – оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Ойын мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Ойын – балалардың психологиялық ерек- шеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды, түрлі рөлдерде өздері ойнайды. Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әртүрлі ойында көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Сонымен, ойынның оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орыны ерекше. Бала мектепке барғанша тек ойынмен ай - налысып жүреді. Енді оқу оның күнделікті қызметіне айналса да, бала ойнауын бірден тоқтатпайды. Бала әлі де бұрынғысындай ойнағысы келеді. Бірақ жағдай өзгертілгендіктен оның осыған бұрынғысындай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады. Осыған қарай бастауыш сынып оқушысының ойыны бұрынғысынан өзгеріліп, көбінесе басқа мазмұнда кездеседі. Әрине, осы жастағының ойыны бұрынғыдай бәлендей маманның (малшының, машинистің, дәрігердің) рөлін ойнайды. Бірақ осы ойынның бұрынғысынан өзгешелігі мынадай, сол рөлдердің азаматтық қасиетінің сапасына, қайраткерлігіне, ептілігіне, батырлығына т.б. мән береді. Демек, бастауыш сынып оқушысы «мен бәленше боламын» деп сол бейненің мінез- құлқын таңдап, солардың қайсысы әсем, қайсысы әсем емес екенін ажыратып, өзі соларға еліктеуге тырысады. Сондай-ақ 2-3 сыныптағылардың ойындары бірдей емес. 1-сыныптарда бала «мен ұшқыш боламын», БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПӘНГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ РӨЛІ ТОКАНОВА САМАЛ САГЫНДЫКОВНА, «Ж. Жапаров атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ бастауыш сынып мұғалімі. Кербұлақ ауданы, Жетісу облысы mmmmmmmmmmmmmmmmmmmm ӘДІСТЕМЕ ЖӘНЕ ТЕОРИЯ 10 «маған сондай рөл ұнайды» деп айтып, соны орындауға әрекет жасауға жарамайтын бол - са, 3-сыныптағы рөл еліктеумен шектелмей, соларға орай тиісті қылықтарды жеңуге тыры - сады. Демек сөзден сол бейнелерді ойнауға көшеді, соларға еліктеп, өзі іс жүзінде төзімді, қорықпайтын епті, айлақор болуы үшін жа - сайды. Осы өзін-өзі тәрбиелеудің кезі – мақсатының мүлде өзгерілуі деп түсіну керек. Өйткені ойын енді бастауыш сынып оқушысы үшін өзін-өзі тәрбиелеудің құрамына айналып отыр. Рөлдік ойындардың басқа неше түрлі тиісті ережелерге сай келетін ойындармен бастау - ыш сынып оқушысы 2-3 сыныптарда айна - лыса бастайды. Мысалы, шахмат не футбол ойнау. Егер шахмат баланың ойын дамытуға әсерін тигізетін болса, футбол баланың дене мүшелерінің (қолының, аяғының) ептілігін да - мытады. Ойын ойнау, егер қозғалу ойынның түріне жатса, соның өзі рөлдік ойынның түріне де қатысы бар. Мысалы, қақпашы рөлін бала атқарып допты торға тигізбеуге әрекет жасағанда, ол рөлдік қызметті атқарып отыр. Мұның солай екені мынадан: бастауыш сы - нып оқушысы қақпашының рөлін ойнағанда, үстіндегі киімі, кескіні нағыз қақпашыға еліктейді: қолына қақпашыныкіндей қолғап киеді (басында қорғаныс шлемі болады т.б.), допты торға тигізу үшін керек деген жағдайда ол үстіне құлайды т.с.с. Осыған қарағанда бала футбол ойнап отырған жоқ, футболшының атқаратын қызметін қайталап отыр. Осындай ойын үстінде баланың күші, ептілігі қалыптасады. Осымен қатар оның ерік- жігерлігі, ұстамдылығы, тәртіпке бағынышты келуі – құрбыларымен достық қасиеттерін ұлғайтуға жәрдем береді. Сондықтан ойынға соңғы түрлері бастауыш сынып оқушылардың психикалық дамуында ерекше орын алады. Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі – ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтіретін тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Ұлт ойын - дарын отбасы тәрбиесінен бастап мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша мате - риал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады. Қазіргі заманғы адам әр түрлі іс-әрекет- термен шұғылданады. Іс-әрекеттің барлық түрін топтау мүмкін емес, өйткені адам іс- әрекетінің барлық түрін сипаттау үшін адам қажеттіліктерінің барлығын атап өту керек, ал адам қажеттіліктерінің саны өте үлкен. Мұның себебі адамның жеке ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Бірақ іс-әрекеттің негізгі түрлерін жал - пылап айыруға болады. Олар барлық адамға тән жалпы қажеттіліктерге сәйкес келеді. Ол адамның жеке ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Іс-әрекеттің түрлеріне: ойын, оқу және еңбек жатады. Ойын – адам іс-әрекетінің ерекше түрі. Ойынның нәтижесінде материалдық немесе идеалдық өнім шығару көзделмейді. Көбінесе, ойын-сауық бәсеңдік, демалу мақсатын көздейді. Ойынның бірнеше түрлері бар: инди - видуалды, топтық, заттық, сюжеттік, рөлдік және ережесі бар ойындар. Индивидуалды ойын – тек бір адамның қатысуымен жүретін адам іс-әрекетінің түрі. Топтық ойын – бірнеше индивидтың қатысуымен жүреді. Заттық ойын – заттардың қатысуымен бай - ланысты болады. Сюжеттік ойын – белгілі сценарий бой - ынша жүреді. Рөлдік ойындар – белгілі рольмен шектел - ген әрекеттерге негізделеді. Ережесі бар ойындар – ойынға қатысушылар белгілі ережелер жүйесімен реттеледі. Сонымен қатар ойынның араласқан түрлері де болады: заттық-рөлдік, сюжеттік-рөлдік, ережесі бар сюжеттік ойындар, т.б. Ойын ба - рысында пайда болатын қарым-қатынас әдетте жасанды сипатта болады. Жасанды дегеніміз айналадағылар оны шынайы қабылдамайды және адам туралы қорытынды жасауға негіз бола алмайды. Ойындық жүріс-тұрыс пен ойындық қарым-қатынас адамдардың шынайы қарым-қатынасына әсерін тигізбейді. Деген - мен, ойынның адам өмірінде маңызы зор. Бала - лар үшін ойын даму сипатымен ерекшеленеді. Үлкен адамдарда ойын жетекші іс-әрекет болып 11 ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА mmmmmmmmmmmmmmmmmmmm табылмайды, тек қарым-қатынас пен бәсеңдік қызметін атқарады. Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертуді қажет етеді. Ал, Ю. К. Бабанский ойынды бастауыш сы - нып оқушыларының барлық әрекеттерін ынталандырудың түрлері мен әдіс түрлерінде ұсынады. Іс-әрекеттің тағы бір түрі – оқу. Оқу адамның білім, икем мен дағды алу мақсатын көздейтін іс-әрекеттің түрі болып санала - ды. Оқу ұйымдастырылған түрде және ар - найы мекемелерде іске асуы мүмкін. Ол ұйымдастырылмаған да болуы мүмкін. Үлкен адамдарда оқу өзін-өзі жетілдіру сипатын - да болуы ықтимал. Оқу әрекетінің ерекшелігі – оқу тікелей тұлғаның жеке психологиялық дамуының қызметін атқарады. Адам іс-әрекетінің жүйесінде ерекше орын алатыны – бұл еңбек. Еңбектің арқасында адам қазіргі заманғы қоғамды, материалдық және рухани мәдениетті құрды, өмір жағдайын жақсартты. Осымен өзіне шексіз дамуға мол мүмкіндіктерді ашты. Еңбек құралдарын жасау және оларды жетілдіру ең әуелі еңбекпен бай - ланысты. Олар өз алдына еңбек өнімділігінің, ғылымның дамуының, өндірістік өнімнің, техникалық, көркем шығармашылықтың артуының факторы болды. ӘДЕБИЕТ 1. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Ба - зарбек Төтенаев Алматы, «Қайнар» баспасы 1994 ж. 2. «Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М.Әлімбаев, Қ. Баянбаев. Алматы «Балауса» 1992 ж. Математика ТЛЕГЕНОВА РАУШАН КОЖАЕВНА, «No 73 мектеп-гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі. Алматы қаласы Сынып: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Оқу бағдар- ламасына сәйкес оқу мақсаты 3.5.1.4. Шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару. Сабақтың мақсаты/ Бағалау критерийлері 2-3 амалдан тұратын шамалар арасындағы тәуелділікке қатысты есептер шығару. Ойлау дағдысы- ның деңгейі Білу және түсіну. Қолдану. Жоғары деңгей Сабақтың барысы Сабақтың кезеңі/уақыт Педогогтың әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар Басы 10 минут «Ізгі тілек» әдісі арқылы психологиялық ахуал орнату (МК,Ұ) «Атаулар» әдісі Мақсаты: ақпаратты іздеу және іріктеу, өз уақытын басқару және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту, білім алушылардың зейінің таңдамалығын пайда - лана отырып, жаңа сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау. Білім алушылар бір- біріне ізгі ниеттерін білдіреді. mmmmmmmmmmmmmmmmmmmm ӘДІСТЕМЕ ЖӘНЕ ТЕОРИЯ 12 Тапсырма Сан, құн, баға деген сөздердің арасында қандай тәуелділік бар? – Ендеше, бүгінгі сабағымызда шамалар арасындағы тәуелді- лікті анықтауға байланысты тапсырмалар орындаймыз. Топқа бөлу Бүгінгі термин сөздер арқылы топқа бөлініп отырыңдар. с= Қ:б б= Қ:с Қ=б*с Шамалар туралы біле- тіндерін айтады. Сан, баға, құн сөздерінің мағынасын ашады. 1. «Баға» тобы 2. «Құн» тобы 3. «Сан» тобы болып бөлініп отырады. Қима қағаздар Ортасы 25 минут (Ұ) «Орындап көр» әдісі Мақсаты: Кесте бойынша есеп құрастырып, оны шығаруда ша - малар арасындағы тәуелділікті анықтау, өз ойларын білдіру және бір-біріне қолдау көрсетуге дағдыландыру. Берілген кесте бойын - ша есеп құрастырып, шамалар арасындағы тәуелділікті анықтайды. ҚБ: «От шашу» Топтар бірін- бірі бағалайды. Тапсырма 1) Кесте бойынша есеп құрастырып, оны шығар. А) Ш:9*3=27 Ж: 3 дана сағызға 27 тг төледі. А) Ш: 30:5=6 Ш: 6 дана сіріңке сатып алды. А) Ш:24:6=4 Ш: Бір данасы 4 тг тұрады. Дескриптор: 1. Кесте бой - ынша есеп құрастырады. 1 балл 2. Есепті шығарады. 1 балл 3. Шамалар арасындағы тәуелділікті анықтайды. 1 балл 4. Жауабын жа - зады. 1 балл (ҰЖ) 2-тапсырма «Дүкен» ой - ыны Мақсаты: оқу-танымдық және практикалық міндеттерді шешкізе отырып, математи- калық сауаттылығын қалып- тастыру. – Сіз бір нәрсе сатып алдыңыз ба? – Қандай ақшалар мен тиындар - ды білесіздер? – Қайтқан ақшаны санадыңыз- дар ма? – Дүкенде математика сабағын- да алған білімің қажет пе? Кесте бойынша есеп құрастырып, оны шығарады. Әрбір са - тып алынған заттың құнын анықтайды. Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» т.б. 500, 200, 100 теңгелік купюра. Бағасы жазылған заттар. Тапсырма Кітаптағы суреттерді қарап, 500 теңгеге өздері сатып ала алатын тағамдарды таңда. 13 ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА mmmmmmmmmmmmmmmmmmmm (Ж) «Есептеп көр» әдісі Мақсаты: математикалық тілді қалыптастыру, айтылған пікірлерді дәлелдеу, негіздеу және қорғау, басқалардың пікірлерін бағалау және қабылдау дағдыларын дамыту. Кесте Бағасы Саны Құны 8 теңге ? дана 24 ? дана 32 ? дана 40 Кесте бойынша есеп құрастырып, оны шығарады. Әрбір са - тып алынған заттың құнын анықтайды. Сатып алынған заттың санын білу үшін, заттың құнын заттың бағасына бөлу ке - рек екенін оқушылар түсінеді. Дескриптор: 1. Кесте бой - ынша есеп құрастырады. 1 балл 2. Есепті шығарады. 1 балл 3. Әрбір заттың құнын анықтайды. 1 балл Тапсырма Бір кәмпиттің бағасы мен сатып алынған заттардың жалпы сом - масы белгілі. Осы ақшаға қанша кәмпит алынғанын анықта. 24 теңгеге қанша кәмпит алуға бо - лады, егер бір кәмпиттің бағасы 8 теңге болса? – Қандай амалмен осыны анықтадыңыз? Берілген мәліметтерді пайдаланып, есептер құрастырады. ҚБ: «Смайлик» (МК, Ұ) Сергіту сәті Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық, Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып алайық. (Т) «Құрастыр» әдісі Мақсаты: командада жұмыс істеу, өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерін көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауыз - ша түрде ұсыну дағдыларын жетілдіру. Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды. Тапсырма «Баға» тобы: Ержанда 100 теңге бар. Ол 9 тг-ден 4 сағыз сатып алды. Ержанда неше теңге қалды? «Құн» тобы: Айжанда 90 теңге бар. Ол 10 тг-ден 5 вафли са - тып алды. Айжанда неше теңге қалды? «Сан» тобы: Айдарда 60 теңге бар. Ол 7 тг-ден 5 печенье са - тып алды. Айдарда неше теңге қалды? Жалған тиынды анықтайды. Дескриптор: 1. Есептің шар - тын жазады. 1 балл 2. Сұрағын аяқтайды. 1 балл 3. Шешуін та - бады. 2 балл 4. Жауабын жа - зады. 1 балл Таразы мен тиындар mmmmmmmmmmmmmmmmmmmm ӘДІСТЕМЕ ЖӘНЕ ТЕОРИЯ 14 ЕҚБ (Ерекше қабілетті бала) Мақсаты: түсіну, түсіндіру, талдау, жинақтау, жіктеу, қолдану және айқындау үшін қажетті когнитивтік дағдыларды дамыту, зерттеу жүргізу арқылы логикалық ой- лауды дамыту. Тапсырма Сегіз бірдей тиынның біреуі жалған, бірақ ол басқасынан жеңіл. Ең аз өлшеу арқылы жалған тиынды қалай анықтауға болады? «Сұрақтар ілмегі» әдісі Мақсаты: таным көкжиегін кеңейтуге қозғау салу. ЕББҚ (ерекше білім беруді қажет ететін бала. ЗТГС) тап- сырмасы. – Қандай ақшалар мен тиындар- ды білесің? – Дүкенде математика сабағын- да алған білімің қажет пе? – Біздің валюта қалай аталады? ҚБ: «Бас бармақ» әдісі Соңы 10 мин Кері байланыс «Иә», «Жоқ» әдісі Мақсаты: алдағы білім иге- ру әрекетінде жетістікке жету үшін сабақтан алған білімдеріне сараптау жүргізуге дағдыландыру. Оқушылар сұрақтарға «иә», «жоқ» деп жауап береді. Тапсырма – Заттың құнын білу үшін заттың санын заттың бағасына көбейтеміз. (Иә) – Заттың санын білу үшін құнын заттың бағасына көбетеміз. (Жоқ) – Заттың бағасын білу үшін барлық заттың құнын оның са- нына бөлу керек. (Иә) Қағазға үйренген 4 мәлімет, білген 3 мәлімет, көбірек білгің келетін 2 мәлімет, ең маңызды болған 1 мәлімет жазып, іл. Рефлексия. «Пирамида» әдісі Т